Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік Университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің педагогтері 10–11 сынып оқушыларымен мазмұнды әрі тағылымды кәсіби бағдарлау кездесуін өткізді.
Филология және практикалық лингвистика кафедрасының өкілдері болашақ талапкерлерді сөз өнерінің қыр-сырына жетелеп, тіл мен әдебиеттің, аударма мен лингвистиканың заманауи қырларын кеңінен таныстырды. Кездесу барысында білім беру гранттарының мүмкіндіктері, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық, білім алу жолдары жан-жақты баяндалды.






































































































