Ақпан айының 4 күні 5 «Б» сыныпта музыка пәнінен 3-ші Lesson Study сабағы өтті. Сабақ барысында «Өзбек, Қырғыз халықтарының музыкалық дәстүрлері» тақырыбында жалғасы өткен болатын. Оқушылар Өзбек, Қырғыз елінің халық әндерімен танысып, думбек дарбук және шулы аспаптарымен шығармаларды сүйемелдеп, шағын ансамбль құрап ойнады. Сабақта сандық технологиялары canva, wordwall, жасанды интеллект D- ID қолданылды. Сабақта оқушылар шулы аспаптарда ырғақты өрнектерді ойнау дағдыларын жаттықтырды және нота өлшемімен таныса білді, wordwallмен тапсырмаларды орындай білді және де басқа халықтың әндерін караокемен айта білді.
Пән мұғалімі:Байдрахманова Н. А.







































































































