"Адал азамат: волейбол арқылы ата-аналар мен мектеп арасындағы тәрбие процесін үйлестіру" тақырыбында ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы волейбол жарысы
«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде ата-аналар мен мұғалімдер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді
«Ата-аналар VS Мұғалімдер» форматындағы кездесу өзара ынтымақтастықты нығайтып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыруға ықпал етті.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Спорттық рух пен әділ бәсеке көрініс тапты.
Аталған іс-шара өскелең ұрпақ тәрбиесінде бірлескен жұмыстың маңыздылығын айқындай түсті.
Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!





























































































