«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында 5 «А» сынып оқушысы Баймағамбет Адилия дәнекерлеуші әкесінен сұхбат алды.
Адилия әкесінің кәсібін мақтан тұтатынын және оның еңбекқорлығына, адалдығына үлкен құрметпен қарайтынын айтты. Әкесі дәнекерлеуші болып жұмыс істейді және оның жұмысы жоғары дәлдікті қажет ететін, жауапкершілігі мол сала екендігін атап өтті. Адилия әкесінің күнделікті еңбегімен танысып, оған деген құрметі арта түскенін білдірді.
Сұхбат барысында әкесі өз жұмысын жақсы көруі, қиындықтарға төзімділік пен еңбекқорлықты талап етуі, сондай-ақ бұл мамандықтың қоғам үшін маңызды екенін жеткізді. Әкесі өзінің кәсібін таңдаудағы себептерін және оған деген махаббатын, жұмыс барысында алған тәжірибесін бөлісті.
Бұл сұхбат оқушыларды еңбекке баулып, әр мамандықтың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Адилияның әкесінен алған кеңестері мен білімі болашақта өз мамандығын таңдауда үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
#біртұтас_тәрбие






































































































