«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

31 қаңтар күні қазақ тілі пәні бойынша «Мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын

дамыту» мақсатында LS сабақтар тізбегінің жоспарға сай үшінші айналымы   өтті. Сабақты 8 «А» сыныбында Тасанова Г.М. «Жасыл экономика» тақырыбында өткізді. Сабақтың оқу мақсаты комуникативтік жағдаятқа сай оқушылардың диологке түсуі және тұтас емес мәтіндердегі ақпараттардың маңызды тұстарын анықтау болды. Сабақта білім алушылар сабақ мақсаттарына сәйкес ұжымдық ,жұптық ,жеке жұмыс  жасады. Бейнебаянды көру арқылы көтерілген мәселенің өзектілігіне тоқталды. Жұптық жұмыс барысында өткен сабақта ұсынылған ұсыныс бойынша оқушылар жағдаятқа сай сұхбат құрастырды.Сұхбат бапрысында мәселенің шешу жолдарын көрсетті. Жеке жұмыс барысында кестемен жұмыс жасады.Кестеде көтерілген мәселенің маңызды тұстарын анықтап,жұмыс бағыттары мен шешу жолдарын ұсынды, деректерді жинақтады. Әр тапсырмадан кейін оқушылармен мұғалімнің арасында кері байланыс жасалып, өзін-өзі бағалау парақтары арқылы оқушылардың білімдері тексерілді.Сабақты бақылаушылар: Нұғыманов А.Қ., Булекбаева Ж.С., Мағзұм Г.Ә. және мектеп әкімшілігі Тоқтамысова Г.Қ. сабақтан кейін сабақты талқылап, үш айналымның қорытындысын шығарудың ұсынысын жасады.