«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

 25 мамыр – жүректе мәңгі сақталатын ерекше күн...

Бүгін мектебімізде соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Қимастыққа толы бұл сәтте түлектер алтын ұя мектебімен қоштасып, ұстаздарына алғыстарын білдірді. Мектеп ауласында қуаныш пен толқу, арман мен үмітке толы ерекше атмосфера орнады

Салтанатты жиында мектеп басшысы - Ержанова Ырсалды Сиелхановна, сондай-ақ қонағымыз — Бағлай Бауыржан түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар түлектердің ата-аналары атынан Алимова Нургуль Жакабаевна, белгілі Ахмет танушы, түлектердің атасы Ибрахым Ағытайұлы ақ тілегін білдіріп, түлектерге сәттілік тіледі

Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі — қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туғанына 185 жыл толуымен тұспа-тұс келуі. Ұлы тұлғаның ағартушылық мұрасы мен тағылымы жас ұрпаққа әрдайым жол көрсетіп келеді.

Құрметті түлектер, алдағы өмір жолдарыңыз жарқын, армандарыңыз асқақ болсын!
Сәт сапар, жас түлек!