25.01. күні ағылшын тілі пәні бойынша «Мән-мәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын
дамыту» мақсатында LS қорытынды сабағының үшінші айналымы өтті. Сабақты 5 «Б» сыныбына С.С. Қазман күнтізбелік жоспар бойынша “Past Simple” тақырыбында өткізді. Сабақта білім алушылар ситуациялық диалогпен жұмыс жасады. Сабақ жоспары алдын ала талқыланды, оқушылардан кері байланыс алынды.Сабақты бақылаушылар: ағылшын тілі пәні мұғалімдері- Байсингирова С.М., Габдуллина А.Е., Мурат А.К. және директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Токтамысова Г.К. сабақтан кейін отырыста талқылау жұмысын жүргізіп, ұсыныстар айтылды, сабақ талқыланды.