21 сәуір күні 5-сыныптар арасында «Толағай» атты спорттық жарыс жоғары деңгейде өтті.
Оқушылар өздерінің жылдамдығын, ептілігін және командалық бірлігін көрсетіп, нағыз тартысты бәсеке сыйлады. Әр сынып жеңіске деген жігерін байқатып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын — 5В сыныбы
2-орын — 5Б сыныбы
3-орын — 5А сыныбы
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Осындай жарыстар оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.




























































































