Қостанай облысындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
аясындағы «Ұлттық рух пен өнер үндестігі» концерттік бағдарламасы
2026 жылғы 13 ақпанда «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастамасымен республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысының қорытынды кезеңі «Білімнің шамын жаққан шаңырақ» айдарымен мектептің бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрлерін таныстырумен жалғасты. Ал «Ұлттық рух пен өнер үндестігі» атты концерттік бағдарлама қонақтарға ерекше рух сыйлады.
Республикалық семинардың жабылу салтанатында ашық сабақтар мен инновациялық жобаларға талдау жасалып, кеңестің қорытындысы шығарылды. Шара соңында педагогтер марапатталып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Аталған кеңейтілген отырыс – білім мен тәрбие, ұлттық құндылық пен цифрлық технология өзара үндесіп, жаңашыл ой мен игі бастамаларға жол ашқан мазмұнды да тағылымы терең басқосу болды деген сенімдеміз.






































































































