«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2025 жылдың 26 ақпанында Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында облыстық «Мұғалімдер арасында зерттеу мәдениетін дамыту» тақырыбында шебер-сынып өтті.

Бұл іс-шара Ы.Алтынсарин атындағы мектеп және біздің мектеппен қамқорлыққа алынған ауыл мектептерінің мұғалімдеріне арналған болды.

Шебер-сыныпқа облыстың 9 ауданынан мектеп мұғалімдері қатысты. Іс-шараның ашылуы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының таныстырылымымен басталды. Қонақтарға мектепішілік жобалардың презентациясы ұсынылды.

«Мектептегі зерттеу тәжірибесі: қадамдар мен нәтижелер» атты бөлімде мұғалімдер педагогтің зерттеу қызметінің жүйесімен танысып, әрі қарай Action Research (Іс-әрекеттегі зерттеу) тобы мәнмәтіндік тапсырмаларды құрастыру және қолдану тәжірибесін көрсетті. Сонымен қатар, «Lesson Study - Сабақты зерттеу» тобы мәнмәтіндік тапсырмалардың тиімділігін зерттеу практикасын ұсынды. Мұғалімдер қазақ тілі, ағылшын тілі, физика және биология пәндерінен сабақтарда мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану процесін бақылып, тәжірибе алмасты.

Шебер-сыныптың «Іс-әрекеттегі идеялар» көрмесінде мектеп мұғалімдері өздерінің авторлық бағдарламаларын таныстырды. Көрме екі бағытта ұйымдастырылды: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша авторлық жұмыстар көрмесі. Қатысушылар қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, конструктивті диалогтар өтті.

Іс-шараның соңында «Педагогикалық шеберліктің шыңы: озық тәжірибелер» бөлімінде республикалық және облыстық педагогикалық шеберлік байқауларының жеңімпаздары өздерінің озық идеяларымен бөлісіп, өз тәжірибелерін ұсынды.

Шебер-сынып аяқталған соң қатысушылар кері байланыс беріп, ризашылықтарын білдірді. Олар алған тәжірибелері негізінде жаңа идеялар мен ойлар туындағанын растады. Бұл іс-шара өзінің мақсатына жетті деп толық айтуға болады.