«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары және «Еңбегі адал – жас өрен» жобасының «Мамандықтар әлемі» бөлімі аясында мектебімізде «Qazaq brend» ұлттық тәттілер дүкенінің негізін қалаушы, кәсіпкер, Қостанай қалалық «Іскер әйелдер кеңесінің» мүшесі, бизнес-тренер Кәкімбек Гүлнұр Өміржанқызы қонақта болып, 8–11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кәсіпкер «Qazaq brend» брендінің құрылу тарихы, ұлттық тәттілерді өндіру жолы мен жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрмесінде “Қостанайдың үздік азық түлік өнімі” номинациясын иеленуі, «Бір ауыл – бір өнім» жобасындағы жетістігі және ұлттық өнімдерді халықаралық деңгейде таныстыру тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, өз ісін бастау, кәсіпкерлікті дамыту, сүйікті мамандығы арқылы жетістікке жету жөнінде оқушыларға пайдалы кеңестер берді. 
Ұлттық тағамдарымызды ұлттық брендке айналдырып жүрген Гүлнұр Өміржанқызына еңбегіне табыс, кәсібіне өркендеу және жаңа жетістіктер тілейміз!