17 қаңтар күні қазақ тілі пәні бойынша «Мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын
дамыту» мақсатында LS сабақтар тізбегінің жоспарға сай бірінші айналымын өтті. Сабақты 8 «А» сыныбында Тасанова Г.М. «Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер» тақырыбында өткізді. Сабақтың оқу мақсаты тұтас мәтіндер мен тұтас емес мәтіндерді салыстыру,тұтас емес мәтіндердегі ақпараттардың маңызды тұстарын анықтау болды. Сабақта білім алушылар сабақ мақсаттарына сәйкес ұжымдық ,жұптық,жеке жұмыс барысында жұмыс жасады.Берілген мәтіндерді салыстыру арқылы,нақты дәлелдер келтіріп, кестемен берілген тұтас емес мәтіннің маңызды тұсын анықтап,өзіндік пікірлерін білдірді. Әр тапсырмадан кейін оқушылармен мұғалімнің арасында кері байланыс жасалып, өзін-өзі бағалау парақтары арқылы оқушылардың білімдері тексерілді.Сабақты бақылаушылар: Нұғыманов А.Қ., Булекбаева Ж.С.,Мағзұм Г.Ә. және мектеп әкімшілігі Келинбердиева Ы.С.,мен Тоқтамысова Г.Қ. сабақтан кейін сабақты талқылап,келесі сабаққа ұсыныстарын білдірді.






































































































