Бүгін мектеп-интернатымызда 11-сынып оқушыларына арналып "Ұлттық тестілеу орталығының" өкілімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылар үшін аса маңызды, пайдалы әрі өзекті ақпараттар ұсынылды.
Кездесу тақырыптары:
— Ақылы және негізгі ҰБТ-ға тіркелу тәртібі
— Бейіндік пәндерді дұрыс таңдау
— ҰБТ-ның шекті баллдары мен ережелері
— Тыйым салынған заттар тізімі
— Тестілеу кезінде өзін-өзі ұстау мәдениеті мен жауапкершілік.
Бұл ақпараттар оқушылардың алдағы сынаққа дұрыс бағытта дайындалуына, білім сынағын сенімді тапсыруына жол ашады.






































































































