2023 жылдың 11 мамыр күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында, 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Дүлдүл де өнерлі, «Жас ақындар» үйірмесінің оқушысы Амиров Арман «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі орынға ие болды. Және Республикалық кезеңге жолдама алды.
Арман мен дайындаған жетекшісін, шын жүректен құттықтаймыз!!! Алдағы кезеңге сәттілік тілейміз.







































































































