Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты салтанатты жиын өтті.
Жаңа оқу жылы — жаңа мақсаттар мен жарқын жетістіктерге бастар ерекше кезең. Бұл күн ұстаздар үшін — жаңа белестердің бастауы, ал білім алушылар үшін — арманға қарай жасалған тағы бір қадам.
Биыл мектебіміз үшін айрықша жыл! Ұлы ағартушы, әрі ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына — 185 жыл. Осы айтулы мерейтой аясында білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, ұлы ұстаздың өнегелі жолын жалғастыру — баршамызға үлкен жауапкершілік.
Ал бүгін мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 5-сынып білім алушыларына ерекше сәттілік тілейміз! Білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдарың нық болсын! Мектеп қабырғасында білім алып, қанаттанып, үлкен армандарға жетіңдер!
Қош келдіңіздер, жас өрендер! Жаңа оқу жылы құтты болсын!





























































































