«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

08.02 күні ағылшын тілі пәнінен Lesson Study шығармашылық тобы үш айналымнан тұратын сабақты зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес бірінші айналымды 7 «Б» сыныбында Абикенова Гульбану Абдырзаковна бастады.

Зерттеу тақырыбы «Білім алушылардың мән - мәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы оқу сауаттылығын арттыру – заман талабы». 7 «Б» сынып алтыншы бөлімдегі мамандандырылған компонент бойынша «Thanking people» тақырыбында жаңа сабақ өтті. Сабақты оқушылар бір - біріне ризашылық білдірумен бастап, мәтін арқылы оқушылар ризашылық тақырыбында көптеген мәліметтер алды. Сабақ рөлдік ойынмен жалғасып, топтар бір - біріне алғыс хат жазды. Сабақтың соңғы кезеңінде оқушылар шығармашылық тапсырмамен аяқтады. Стикер арқылы оқушылар қандай игілікті, риза бала болуға өз ойларын жазып, бөлісті. Бақылаушы мұғалімдер: Байсингирова С.М., Қазман С.С., және Мурат А.К. сабақтан кейін отырыста талқылау жұмысын жүргізіп, келесі сабаққа жоспар құрылды.