2023 жылдың 3 мамырында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында» КММ «ЖАС STAR – жарқын болашақ иесі» атты жас мамандар апталығы аясында «Жүйрік болсаң, озып көр!» атты мұғалімдер арасында квест ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мұғалімдерді ұйымшылдыққа, тапсырмалар шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға жетелеу.
Квестке 3 топ қатысты және квест 4 локацияда өтті. Әр локацияда қатысушылар ережеге сәйкес әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы түрлі тапсырмалар орындады, сонын ішінде – логикалық сұрақтарға жауап беру, «101 мақал-мәтел», қызық эстефета және оригами жасау. Әр кезең қатысушыларды барлық жағынан сынап, өздерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Ақтық мәреге бірінші болып және жасырын сыйлықты тауып алған ІІ топ мүшелері – Зейнуллина Мендигуль Жанбыршыкызы мен Жумагулова Куралай Жумановна.
Квестке қатысқан барлық мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз!






































































































