«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2023 жылғы 28 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының базасында қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

Олимпиаданың негізгі мақсаты оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, олардың зерттелетін пәнге деген қызығушылығын ынталандыру болды. Олимпиадаға Қостанай облысының 18 өңірінен 171 оқушы қатысты, оның ішінде 71 оқушы жүлдегер атанды: 14 оқушы І орын, 24 оқушы ІІ орын және 33 оқушы ІІІ орын алды. Біздің де оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетті.

орын:
1. 8 «А» сынып оқушысы Билгібай Сания, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні. Жетекшісі: Нугуманов А.К.
2. 8 «Б» сынып оқушысы Малдыбаева Назгуль, ағылшын тілі пәні. Жетекшісі: Жусупова Ж. М.
3. 8 «Б» сынып оқушысы Жуматов Азат, қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәні. Жетекшісі: Байтасова Б.Ш.
орын:
1. 7 «Б» сынып оқушысы Серик Данияр, қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәні. Жетекшісі: Еслямгалиева З.С.
орын:
1. 7 «А» сынып оқушысы Ермуханова Назира, ағылшын тілі пәні. Жетекшісі: Абикенова Г.А.
2. 8 «А» сынып оқушысы Байдаулет Мансүр, Қазақстан тарихы пәні. Жетекшісі: Тулегенова А.Т.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ