«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Құрметті әкелер мен аналар!

  1. Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.
  2. Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым-қатынас барынша жиі болуын қамтамасыз етіңіз.
  3. Жұмыстағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым-қатынасқа ауыстырмаңыз.
  4. Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз.
  5. Күнделікте бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз.
  6. Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кешке дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз.
  7. Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол, сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін, сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
  8. Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз. Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл-күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
  9. Балаңызды жан-жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, кешігіп қалмаңыз!
  10. Үйге кешігіп келгеніңіз немесе орындалмаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады.
  11. Балаңызды үйге жақын адамдарды тоса білу дәстүріне үйретіңіз. Мүмкін, бұл – әдемі, жүрекке жылы салт ретінде көрінер: үстелдегі әдемі салфеткалар, хош иісті тамақ, жақсы музыка және үйге кіріп келе жатырған ӘКЕ мен ШЕШЕ. Уақыт өте келе осындай дәстүрді қалыптастырған ата-аналар өздерінің есейген балаларын әңгімелесу үшін осылай күтіп отыратын болады.
  12. Балаңызды жарты сөзден тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз.
  13. Ол сізді құшақтауға ишарат білдіргенде одан безбеңіз, қол сілтемеңіз. Бұл оған күні бойына жаңа кездесулер, өзіне деген сенімділік, эмоционалдық қуат береді. Баланы бұл мүмкіндіктен айырмаңыз!
  14. Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың сізбен қарым-қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым-қатынасын үзесіз деген сөз! Есте сақтаңыз: бумеранг қайта айналып келеді!

Сіздің ата-аналық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын!