Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мектебімізде 6-сынып оқушыларына арналған
«Заң сақшысы: Құқық әлемі» атты интерактивті квест-ойын ұйымдастырылды
Іс-шара станциялық форматта өтіп, қатысушылар арнайы маршрут бойынша түрлі бекеттерден өтті. Әр бекетте құқық, қауіпсіздік және тәртіп тақырыптарына байланысты қызықты әрі ойландыратын тапсырмалар беріліп, оқушылар өз білімдері мен логикалық қабілеттерін сынады.
Квест барысында оқушылар заң негіздерімен танысып қана қоймай, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйренді.
Құрметті қонақтарымыз:
Қостанай қаласы Полиция басқармасы Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің аға участкелік полиция инспекторы, полиция майоры Бейсенова Асем Бахиткиреевна
Қостанай қаласы криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Таргынбеков Асет Ерланович
Қонақтарымыз оқушыларға бағыт-бағдар беріп, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы туралы құнды ақпараттармен бөлісті.





























































































