Мектебімізде 9-сынып білім алушыларына негізгі орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімі өтті.
Бұл күн – оқушылардың білім жолындағы маңызды белестерінің бірі. Жиында мектеп басшысы, сынып жетекшілер, тәрбиешілер мен ата-аналар түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, алдағы оқу жолдарына сәттілік тіледі.
Биыл 7 білім алушы үздік аттестат иегері атанды:
Жургумбекова Жанель
Капанова Самира
Сапаргалиева Жансая
Турганбекова Адия
Муратбекова Дильназ
Хасен Айсауле
Хаджабай Әсел
Барша түлектерімізді аттестат алуларымен құттықтаймыз! Алдағы таңдаған жолдарыңыз ашық болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!




























































































