ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІС
Мектебіміздің талантты білім алушысы Токеш Наргиз «Boztorgai» балалар шығармашылығының халықаралық конкурсында өнер көрсетіп, І орын иегері атанды!
Наргиздің әсем үні, сахнадағы шеберлігі мен шығармашылық ізденісі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Жас өнерпазымызды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
Осындай жетістіктерге жетелеген Наргиздің жетекшісін Байдрахманова Нұргүл Аянбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз!




























































































