«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада басталды

3 сәуірде Тараз қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада басталды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 3 қалада өтеді: Тараз, Шымкент және Петропавл.

Тараз қаласында олимпиада «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша өтті.

Оған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 11 жүлдегері – Қостанай, Рудный ққ., Науырзым, Қамысты аудандары, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысты.

Екі күн ішінде оқушылар қазылар алқасы әзірлеген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындап, тілді меңгеру деңгейін, сөйлеу және жазу дағдыларын көрсетуі тиіс болды.

Облыстың атынан сынға түскен қатысушылар 4 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: 1 - I орын, 1 - II орын, 2 - ІІІ орын.
Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткендерімен құттықтаймыз!