«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ғаламтор желісіне қосылған ұялы телефондар

 

Ұялы телефондардың бүкіл әлемге кеңінен таралуы соңғы бірнеше жыл ішінде кибер-шабуылдар жасаудың басты бағыттарының бірі болып отыр. Bluetooth сияқты технологиялар (сымсыз каналдар арқылы құрылғыларға ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді) және Ғаламторға қосылудың жоғары жылдамдығы ұялы телефондарды шабуылдар үшін әлсіз ете бастады.

 

Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер ұялы телефондарды жиі қолданады. Сәйкесінше, олар Ғаламторға қосылған КБ қолданғанда да қауіпке бой алдырады. Қазіргі кезде ұялы телефондарға арналған жедел хат алмасу жүйелері жақсы дамыған. Балалар тұрған жерлеріне қарамай, кез-келген чатқа емін-еркін кіре алады. Ата-аналар балаларының ұялы телефондарды қалай қолданатынын қадағалауы керек. Сондықтан олар балаларына қауіптің алдын алу үшін қызметі орнатылмаған телефондарды беріп, (Ғаламторға қосылған, SMS, Bluetooth болу), ал жасөспірімдерге ұялы телефонды қауіпсіз қолданудың жолдарын түсіндіру керек. Оларға күмәнді және белгісіз адамдардан келген хабарламаларға жауап бермеу, бейтаныс адамдармен кездесуге бармау керектігін үнемі ескертіп отыру қажет.

 

Балалардың ғаламторға деген тәуелділігінің

алдын алуға арналған бірнеше жалпы ұсынымдар:

 

  1. Балалардың Ғаламторда өткізетін уақытына шектеу қойыңыз. Балаңыздың Ғаламторды уақыт өткізіп, көңіл көтеру үшін емес, сабаққа қажет ақпарат үшін қолданып жатқанына көз жеткізіңіз.
  2. Сіздің балаңыз ғаламтор желісінде не істеуді ұнататынын анықтыңыз.
  3. Заманауи ұялы телефондардың көмегімен хат алмасу, ойын және сайттарды қарауға арналған желілерге қосылуға болады. Баланың виртуалды әлемге қандай құрылғының көмегімен кіретіні маңызды емес. Виртуалды әлемнің оның үйіне айналып кетпеуі маңызды.
  4. Балаларға жаман үлгі көрсетпеңіз. Компьютердің алдында немесе ұялы телефонда көп уақыт өткізбеңіз. Барлық отбасының белсенді демалысы балаға шынайы өмірге қосылуға мүмкіндік береді. Баланың көңілін басқа заттармен аударыңыз, мысалы, күнделікті ойналатын немесе спорттық ойындар. Сол кезде Ғаламтор мәселелер мен шынайы өмірден қашудың емес, оқуға арналған, ақпаратты іздеуге, қарым-қатынас жасауға арналған көмекші құрал болып қана қалады.
  5. Балалармен олардың Ғаламтордағы достары туралы басқа нәрсені айтып жатқандай әңгіме құрыңыз.
  6. Балаларыңыздың Ғаламтор арқылы ешкіммен кездесуге келіспеу керектігін талап етіңіз.
  7. Балаларға арналған сайттардың ішінен беделділерін ғана қолдануға мүміндік беріңіз.
  8. Балаларға электронды почта, чаттар, жедел хат алмасу жүйелері арқылы, тіркеу формаларында, Ғаламтордағы байқауларға тіркелу кезінде, жеке профилінде ешқандай жеке ақпаратты бермеуді үйретіңіз.
  9. Балаларға Ғаламтор арқылы біреу қорқытса немесе алаңдатса бірден сізге хабарлауды үйретіңіз. Сабырлық сақтаңыз, балаңызға оның бәрін сізге айтқан жағдайда қауіпсіздікте болатынын ескертіңіз. Осы қылығы үшін оны мадақтаңыз, мұндай жағдай қайталанса, тағы да сізге айтуы керек екенін түсіндіріңіз.
  10. Балаларға Ғаламтордағы порнография жайында айтып  беріңіз, оларды денсаулық пен жыныстық қатынас туралы айтылған жақсы сайттарға бағыттаңыз. 
  11. Олардың бөтен адамдармен қарым-қатынас жасамайтынына сенімді болу үшін, балалардың сізге өзінің электронды почтасына кіруге мүмкіндік беруін талап етіңіз.
  12. Балаларға Ғаламтордағы іс-әрекеттің жауапкершілігі туралы айтыңыз. Балалар желіні бұзақылық, өсек және басқаларды қорқыту мақсатында ешқашан қолданбауы керек.
  13. Өз балаларыңызға абай болыңыздар!

Дамыған ғасыр деп шынайы өмірдің мәнін жоғалтпай, баға жетпес уақытымызды үнемдеп, әлеуметтік желімен, ұялы телефондарды қолданудың мөлшерін сақтап және өзгелерге айта жүрсек, болашағымыз жарқын болар деген сенімдеміз. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын ескерте отырып, біз тек пайдалысын алып, зиянынан алыстап отырғанымыз абзал.

 

Балаңыздың әлеуметтік желілердің

қандай түріне қызығушылығы бар екен біліңіз

Ақпараттық желілерді (ұялы телефон, ноутбук, компьютер) қолданудың ережесін өзіңіз ұстай отыра балаларыңызды да қадағалай біліңіз